Тараз қаласында антитеррористік оқу-жаттығулар аяқталды | arainews.kz

Тараз қаласында антитеррористік оқу-жаттығулар аяқталды

5

Тараз қаласында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы «Тараз-Антитеррор-2025» атты оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығулардың өткізу орны – Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 52 мекенжайында орналасқан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі болды.

Жаттығулар шынайы жауынгерлік жағдайға барынша жақын жағдайда, түрлі күрделілік элементтерімен өткізілді.

Шартты антитеррористік операцияның мақсаттары толық орындалды.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабырлық танытқан тұрғындарға алғыс білдіреміз.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.