Мұрағат қорларын ақтара отырып, бұрын-соңды ешкім кездестірмеген қызық құжатқа тап болдым. 1926 жылдың 6 қарашасы күні Әулиеата ВКП (б) қалалық комитетінің кезекті отырысында Әулиеата қаласын Ленината қаласы деп ауыстыру жөнінде шешім шығарылыпты. Алайда Сырдария губкомына 2 желтоқсан күні бекітілу үшін жіберілген хаттама жауабы мұрағат құжаттарының арасынан табылмады. Сондықтан да құжаттардағы дәл мәліметтерге жүгінгендіктен неге жауап болмағанына болжам жасауды артық санадым. Егер бекітілген күнде біздің қала Қазақстан тәуелсіздік алғанынша «көсем» есімін иеленіп жүре берер ме еді. Бірақ осы бір құжат мазмұны екінші бір ойды қозғағаны жасырын емес.
Атауларды өзгертуде біздің облыс басшылары өзге әріптестеріне қарағанда оқ бойы озық тұр. Мысалы, біз облыс орталығының өзін 80 жылдың ішінде Мирзоян (1936), Джамбул (1938), Жамбыл (1993), Тараз (1997) төрт рет өзгертіппіз. Халық депутаттары қалалық атқару комитеті мен қалалық әкімдік жанындағы ономастикалық комиссия қала маңындағы жер және көше атауларында сан мәртебе ауыстырғанын мұрағат құжаттары айқындап беріп тұр. Тіпті жиырмасыншы жылдарындағы қала көшелерінің бастапқы нұсқаларын қазір таппайсыз.
Атау өзгертуде отарлаушылардың үстемдігі негізінде жүргізілгенін де байқау қиын емес. Мұрағат құжаттарына сүйенсек атау өзгерту патша заманынан бастау алған. Мысалы, 1883 жылғы 12 мамыр күні Сырдария облыстық басқармасының бастығы Гольцемер орыс зиялыларының алдында жасаған «по отчуждения киргизских земель и признать их под русское селение» атты баяндамасында былай дейді: «Не признает облправление возможным оставить поселок Сарыкамар (ныне Михайловское) с по личным населением за семейство» (778 қор 1 тізім 1 бума 1 іс). Бұдан кейін 1892 жылдан бастап Гродикаво, Головачевка, Головановка тағы да басқа орыс атаулары Әулиеата уезіндегі бұрынғы ұлттық атауларды алмастырып, тұрғылықты халық сеніміне нық орнықты. Ұлттың рухани жүгін көтеріп келген салмағы батпан атаулар ауыстырылған соң өзгелері шаң-тозаңның салмағындай қауқарға ие бола алмай қалғанын сезінесіз.
Атау алмастыру неге керек болды? Сол кезде өздерін жоғарғы мәдениетті санайтын заң шығару органы бар орыс мемлекеті өзге халықтың құқын таптадық-ау деп сезінбегені таңдандырмай қоймайды. Сөйтсек жер атауы арқылы сол жердің байлықтарын ұлт атынан алға шығарып, әлемге әйгілеуге болады екен. Мысалы орыс ғалымдарының «Древняя история Южной Сибирий» деген кітабында хакас аймағындағы қазба байлықтарын зерттей келе мұндағы салт-дәстүрдің Еуропадан гөрі манголойдтарға жақын екенін сол кездері аңыз бойынша бұл жерлерде найман, меркіт, тата, хаканас, қырғыз, керейт, қыпшақ, шағатай, башқұрт, бір сөзбен айтқанда, түрікке жақын халықтар басым болғанын айта келе қазба байлықтары табылған кезеңдегі дәуірді Афанасева, Андронова деп атаған. Яғни сол кездегі жасаған халық түркі бола тұра дәуір орыс атауына ие болып кеткен. Не себепті деген сұраққа былай деп жауап береді: «Могильники сейчас открыты около с.Батий под Афанасвеский горой, от которой и пошла название всей серии» дейді. Кітаптың 23 бетінде «После Афанасвеская серия памятников минусинского полеметала названа андроновский по месту первых раскопам у с. Андроновой б-Ачинского округа» 67 бет.
Мұрағат құжаттарында тағы мынандай қызық мәліметтер бар. Алғаш қоныс аударған орыс шаруалары қазақ жеріндегі халық қай жылдан бері тұрғанын білмейді деген атақ тағады. Дәл осы сауалдарға 1955 жылы студент кезінде Салық Зиманов жауап беріп көріпті: «многочисленные благотворные земли, участки назвались по имени своих владельцев… например, урочище «Кучен-тоган»… получила название от своего владельца Ираля Кучено» кітап 50 бет. Осы кітапта мола салу діни ұғыммен еш астарлас емес екенін ол жер белгілеудің бір көрінісі екені жазылған. Алайда қазақ ғалымдары 1959 жылы Зимановтың ойына қарсы шығып, таралымына нұқсан келтірген. Міне, отаршылдықпен тоталитарлық режим ұлт тұратын аумақты айқындаған, шекарасын белгілеген маңызды нысандарды біржола санадан өшіріп, ұлттық ерекшеліктерін жойды. Патша үкіметінің жалауы тапталып, жаулыққа айналғанымен коммунистік кезеңде идеялық көзқарас өзгергені шамалы. Тұрғылықты халық түземдіктер деген атау алып, мәдениеті жетілмеген сауатсыз, білімсіз санатында қала берді.
Назым Қожамарова