«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында құрылған мобильді топ құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы, Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі, облыстық қоғамдық кеңес, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиал және үкіметтік емес ұйымдардан құрылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.
300-ға жуық азамат түрлі мәселелер бойынша кеңес беру алаңына жүгініп, қойылған сұрақтарына заң аясында жауаптар берілді. Жоба жұмысы Тараз қаласы мен 10 ауданды қамтыды.