Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне және аудиоматериалдар әзірленді | arainews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне және аудиоматериалдар әзірленді

8

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік–әлеуметтік тапсырысы аясында қызметтер көрсетудің БАҚ-та жариялау бойынша жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру бағытында 3 бейнеролик және 3 аудиоролик әзірленді.

Аталған материалдардың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау. Бейне және аудиороликтерде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алуда әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі туралы маңызды ойлар қамтылған.

Дайындалған ақпараттық өнімдер бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-платформаларда орналастырылып, кең аудиторияға бағытталды. Бұл материалдар тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал етеді.

Мемлекеттік–әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай ақпараттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, адал әрі ашық қоғам құруға өз үлесін қоса бермек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.