Соңғы 9 айдағы инфляция 3,3% болды – Данияр Ақышев | arainews.kz

Соңғы 9 айдағы инфляция 3,3% болды – Данияр Ақышев

352

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы инфляция 3,3% болды. Бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен төмен. Өткен жылдың соңындағы жылдық инфляция 7,1 пайызбен салыстырғанда қыркүйекте 6,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында айтты.

Банк төрағасы биыл инфляция 5-7% нысаналы дәлізде сақталатындығын, 2019 жылы инфляция баяу төмендейтіндігін және 4-6% жаңа нысаналы дәліздің жоғары шегіне жуық қалыптасатындығын айтып өтті.

«Бұл сыртқы және ішкі факторлардан туындаған инфляциялық күтулердегі белгісіздіктің өсуіне байланысты. Халыққа сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау шілдедегі 5,6%-бен салыстырғанда қыркүйекте 6,4% болды. Ұзақ мерзімді перспективада төмендеу үрдісіне қарамастан, инфляциялық күтулер қысқа мерзімді кезеңде әлі де орнықсыз. Инфляцияны басқаруды арттыруда оны 2019 жылғы нысаналы дәлізде сақтау үшін қазірден бастап шаралар қабылдау қажет», — деді Ұлттық Банк басшысы.

Д. Ақышевтың айтуынша, «Ұлттық Банк кеше базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдаған. Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және қолайлы ақша-несие талаптарын сақтауға мүмкіндік бермек.

«Тамызда өнеркәсіп өнімі кәсіпорындары бағасының артуы жылдық көрсетуде 24% болды. Тау-кен өндіру салалары өнімінің қымбаттауы жылдық көрсетуде 37,5%-ға жетті, бұл мұнай бағасының өсуінен орын алды. Соған қарамастан, өнеркәсіптегі баға динамикасы 6-12 ай шегінде тұтынушылық инфляцияға қысым көрсетуі мүмкін», -дейді ол.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.