Саналы ұрпақ — жарқын болашақ | arainews.kz

Саналы ұрпақ — жарқын болашақ

9

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз сервис және технология колледжінде «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» атты тақырыпта жастармен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның әлеуметтік әділетсіздікке әкелетіні туралы кеңінен айтылды.

Кездесу қонақтары – Тараз қаласыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев, Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры Кенжебеков Бекзат Алиханұлы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің NEET жастар және жас отбасылармен жұмыс секторының меңгерушісі Махамбетова Рамида Ерболқызы қатысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.