Үй кезенігде тұрған тараздықтар пәтер кілттерін алды | arainews.kz

Үй кезенігде тұрған тараздықтар пәтер кілттерін алды

2 487

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы 15-ші шағын ауданда 80 пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа аудандағы жаңа үйден пәтер алу бақыты үй кезегінде көп жылдан бері тұрған азаматтарға бұйырды. Олардың қатарында атап айтқанда балалар үйінің түлектері, жетімдер және 29 жасқа дейінгі қамқорсыз қалғандар, әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар, бюджеттік саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер бар. Тұрғын үй арендалық, сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Құрылысты жүргізуші мердігер «Тараз строй 2004» ЖШС.

Жалпы, аталған шағын ауданда 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салу жоспарланған болатын.

Айта кетер жайт, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы Президентіміздің тапсырмасына сәйкес қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала бойынша биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 16 тұрғын үй немесе 1 280 пәтер халық игілігіне берілді. 2020 жылы 19 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 323 пәтер берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 360 млн теңгеге қайталама нарықтан 144 пәтер сатып алынды.

Бүгінде «Қарасу» (5) мөлтек ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 4 көпқабатты әлеуметтік жатақхана пайдалануға берілді. «Арай» мөлтекауданында 4 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жатақхананың ішкі құрылысы екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, санитарлық желісі бар.

Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 19 083 адам тұр. Оның ішінде балалар үйінің түлектері, жетімдер және 29 жасқа дейінгі қамқорсыз қалғандар-1 984, әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар- 9 202, көпбалалы отбасылар-1 921, бюджеттік саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер-5 976.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.