Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына | arainews.kz

Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына

11

Мойынқұм аудандық орталық кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты мәдени шара өтіп, отбасының қоғамдағы ерекше орны мен оның адам өміріндегі тәрбиелік, рухани рөлін кеңінен түсіндіруге бағытталды. Іс-шараны Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы ашып, отбасының қоғамның негізгі ұясы екендігін, оның бірлігі мен тұрақтылығы тікелей еліміздің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар – «Аманат» партиясының төрағасы Көшкінбаев Манарбек Өсербекұлы, Қоғамдық кеңес төрағасы Аманов Сағынғали Джумағазыұлы, Аналар кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия Бейсебайқызы, Аналар қауымдастығы төрағасының орынбасары Боташева Айнаш және зейнеткер Нарбаева Гүлсім – отбасында қалыптасатын адалдық, адамгершілік, тектілік сынды асыл қасиеттердің ұрпақ сабақтастығындағы маңызын айта отырып, салт-дәстүрді сақтау, ұлттық болмыс пен құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара барысында бүгінгі қоғам үшін аса өзекті болып отырған отбасылық құндылықтардың әлсіреуі, оны қайта нығайту жолдары туралы да пікірлер ортаға салынды. Бұл бағытта отбасын қолдау орталығының социологы Иманқұлова Әйгерімнің ойлары тыңдалды.

Жалпы алғанда, бұл мәдени шара отбасы институтының мәнін ашып, ұлттық рухани болмысты сақтаудың, адамгершілік пен тәрбие бастауының негізгі ошағы — отбасы екенін ұғындыруда маңызды рөл атқарды. Шара әуезді әнмен қорытындыланып, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.