Мүгедектік рәсімдеуге көмек көрсетті | arainews.kz

Мүгедектік рәсімдеуге көмек көрсетті

117

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі сәтте  оларға қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда. Оның бір дәлелі ретінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйеcі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жүзеге асып жатқан игі іcтерді айтуға болады.

Мәселен, жуырда мекемеде жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған азамат мекеме басшылығының тікелей атсалысуымен және қызметкерлерінің қолдауымен мүгедектігін дәлелдейтін құжаттарға қол жеткізді. Жазасын өтеуші А. 2011 жылдан бері кембағал болғанына қарамастан 11 жыл уақыт бойы оны ресми растау құжатына қол жеткізе алмай келген. Осыған орай ол ұзақ уақыт бойы мазалап келген мәселесінің шешілуіне өз үлестерін қосқан мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев пен медициналық бөлімінің бастығы Гүлшат Медетбековаға алғысын жеткізді.

Өз хатында сотталған қажетті құжаттарды реттеуге жәрдем берген барша жандарға ақжарма тілектерін жеткізіп, оның денсаулық жағдайын үнемі бақылауда ұстап отырған медициналық бөлім қызметкерлеріне де ізгі ниетін білдірген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.