Мониторингтік топтың басты міндеті – халық көп шоғырланған жерлерде карантиндік нұсқамалардың орындалуын қадағалау. Орындалмаған жағдайда тиісті жауапкершілікке тарту екенін көпшілік біледі. Олардың қызметінің сапасына көп нәрсе байланысты. Оны топ мүшелері де жақсы түсінеді. Карантин талаптары сақталмаса қауіпті індеттің ода әрі өршитіні анық. Мамандардың айтуынша, медициналық бетперде мен қорғаныс құралдарын пайдалану – күнделікті әдетке айналып үлгергені көрінеді. Дей тұрғанымен, ережеге бей-жай, үстіртін қарайтындар да баршылық.
Медициналық қорғаныс құралдарын пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы. Мекемелердің кіреберісінде дене қызуынының көрсеткіші жазылған журналдардың болуы да шарт. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев жетекшілігімен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мониторингтік топ Құлан ауылындағы «Ақ босаға», «Шаңырақ», «Жекен», «Наурыз» және «Жұмабек» мейрамханаларында санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандықтары анықталды. Мониторингтік топ тарапынан жиналған адамдар тарқатылып, мейрамхана иелеріне хаттама толтырылып, тиісті мемлекеттік мекемеге жолданды. Осы тұрғыдан санитарлық талапты қадағалау кәсіпкерлерден қатаң талап етілуде.
Елімізде карантиндік ахуал біршама реттелген соң мектептер де өз жұмысын атқара бастады. Осы ретте аудандық мониторингтік топ аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев және аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Тастанов жетекшілігімен Ә.Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, М.Горький, , Болтай батыр, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Қ.Сұлтанбеков атында орта мектептері, Т.Рысқұлов атындағы мектеп лицейі, Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі, Ақбұлақ, Ақтоған, Малдыбай орта мектептері, №1 мектеп лицейі мен Құлан шағын орталықты орта мектеп-гимназиясы, №5 шағын орталықты орта мектептеріне арнайы барып, санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық денсаулығы үшін қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – баршаға ортақ міндет.
Алдыңғы