Мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірді қалай өзгертуге болады? | arainews.kz

Мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірді қалай өзгертуге болады?

144

МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫНДА (МАБ) ТІРКЕЛГЕН НӨМІРІҢІЗДІ ХҚО-ҒА БАРМАЙ-АҚ АУЫСТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖОЛЫ БАР:

1. Еgov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. Мәліметтеріңіз жазылған бұрыштағы телефон нөміріңізді «редакциялау» арқылы өзгертіңіз. Жаңа нөміріңізге түскен кодты енгізіңіз және ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
Сіздің нөміріңіз жеке кабинетте және МАБ-да автоматты түрде өзгереді.

2. Порталдың басты бетінде орналасқан виртуалды ассистентке видеоқоңырау шалыңыз. Байланысқа шыққан операторға өзіңіздің ЖСН-іңіз бен SMS-хабарлама алғыңыз келетін жаңа нөміріңізді айтыңыз.

Жаңа нөміріңіздің тіркелгені туралы сізге хабарлама жолданады.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.