Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі — Президент | arainews.kz

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі — Президент

196

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», — деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.