21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай, «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында өңірдің мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген бірқатар өнерпаздарға партия атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, мәдениет және өнер саласының мамандары партия қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Кеңес төрағасы Асқар Абдуалы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, кеңес мүшелері аймақ мәдениетін дамытуда өзекті мәселелерді көтеріп, ұтымды ұсыныстарын білдірді. Талас және Шу аудандары әкімдерінің орынбасарлары мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін ұсынып, кеңес мүшелері тарапынан орамды ойлар мен пайымды пікірлер айтылды.
«AMANAT» партиясы мәдениет пен өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.