Лондонда Димаштың концерті дүркіреп өтті | arainews.kz

Лондонда Димаштың концерті дүркіреп өтті

179

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазіргі қазақ өнерін әлемге насихаттау бағдарламасы шеңберінде Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Айдар Қырықбай концерттен видео үзінділермен бөлісті. Шағын үзінділерде Димаштың Құрманғазы күйі «Адайды» шебер орындағанын, өз репертуарындағы және әйгілі француз әні «S.O.S» әнін шырқағанын көруге болады.

Айта кетерлігі, дәл осы «S.O.S» әні орындалған кезде сахнаның алып экранынан мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Теннің мұз айдынында өнер көрсеткен видеосы көрсетілген.

Тағы бір видеоүзіндіде Димаш орындаған «Дайдидау» әнін Лондондағы көрермендердің үлкен шоғыры бірге айтып тұрғанын көруге болады.

Еске сала кетсек, осыдан төрт күн бұрын Димаш Құдайберген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде Лондонда орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болатынын айтқан еді.

Одан бөлек, әншіні британ астанасындағы әуежайда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері қалай күтіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Опубликовано Мадиной Сабыр Понедельник, 19 ноября 2018 г.

Опубликовано айдаром кырыкбаем Понедельник, 19 ноября 2018 г.

Опубликовано айдаром кырыкбаем Понедельник, 19 ноября 2018 г.

Кештің шарықтау шегі «S.O.S. d'un terrien en détresse» әні болды. Оны Димаш досына, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады..The performance was so heartfelt and soulful whereupon the audience plunged into silence..Зал долго аплодировал этому проникновенному исполнению.

Опубликовано Қазақ әуендері Понедельник, 19 ноября 2018 г.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.