Құланда дін тақырыбында семинар өтті | arainews.kz

Құланда дін тақырыбында семинар өтті

339

Қазіргі уақытта дін саласы өте өзекті тақырыптардың бірі екені баршаға белгілі. Жер шарының әр бөлігінде жаһандық қауіптер мен қарулы қақтығыстар белең алып отырған бүгінгі таңда әлем ғалымдары діннің жақындастырушы, біріктіруші әлеуітіне көңіл бөлуде.

Біздің мемлекетіміз де берік орныққан конфессияаралық келісім мен өзара сыйластықты одан әрі дамытып, белең ала бастаған діни экстремизм мен лаңкестік секілді ғаламдық қауіптердің алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру топтарын құрған болатын.

Бүгінгі күні қоғамда дін мәселесіне қатысты материалдар жариялауда түсініспеушіліктерге жол бермеу және дін мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты жаңғырту мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті. Жиынға Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Тараз қаласының «Әзрет-Әли» мешітінің бас имамы Ғ.Ахметов, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы А.Құлымбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Мадияров, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының»  Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Н.Шәмшіхан, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Қыдыров қатысуымен Құлан жоғары агротехникалық колледжінің акт залында өткен жиында барысында дін саласындағы ақпараттық топтардың қызметі, мақсаты бұқарамен байланыс мәселелері, өткізілетін іс-шаралардың тақырыптарын таңдау, АТТ мүшелері жұмысының жаңа әдістермен жаңғырту мәселелері, сондай-ақ дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілері талқыланды.

Аталмыш семинарға сонымен қатар,  аудандық Орталық мешіттің бас имамы С.Жадраев, аудандық діни ақпараттық-насихаттық топ өкілдері, аудандық ардагерлер мен аудандық мектептердің дінтану пәні мұғалімдері мен психологтары қатысты.

Семинарды ашқан Т.Рысқұлов аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы сөз алып, өткелі отырған семинардың мән – маңызын айта келе, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы тоқталып өтті.

Семинар барысында Алмас Қалдыбекұлы «Дін мәселелері жөнінде АТТ-ның мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Арнайы шақырылған маман дәстүрлі емес діндердің қоғамға қалай енетінен, олардың негізгі мақсатын атап өтіп, дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың пайда болу шарттары жайы кеңінен ақпарттандырды.

Сондай-ақ, семинар барысында елімізде тұрақты конфессияаралық қатынасты қалыптастыру, діни экстремизмнен келетін қауіптің алдын-алу мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылып және ұсыныстар жасалды.

Жалпы басқосу еркін түрде көпшілікпен диалог түрінде өтіп, жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын тиісті мамандарға қойып, мардымды жауаптар алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.