Құқыққорғаушыларды даярлау 5 жылдан 6 айға қысқаруы мүмкін | arainews.kz

Құқыққорғаушыларды даярлау 5 жылдан 6 айға қысқаруы мүмкін

176

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жариялау барысында құқыққорғаушыларды дайындайтын жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін өзгертуді тапсырды.

Бұл ретте Президент шетелдік тәжірибеге тоқталды. Мәселен, ол жақта полиция академиялары құқыққорғаушыны алты айда даярлап шығады.

«Олар қарапайым нәрсеге үйретеді. Заңды меңгереді, адаммен сөйлесуді үйренеді. Болды! Погон алады да, жұмысқа кірісе береді. Бізде болса, бақандай 5 жыл дайындайды. Сонда ғалымдарды даярлап жатырмыз ба? Меніңше, қазіргі жоғары оқу орындарының жанынан сондай академияларды құрған дұрыс сияқты. Адам 3-6 ай оқысын да, жұмысына кірісе берсін. Қазір бізде мықты заңгерлер көп қой. Соларды білім беру шараларына тартуға болады. Жақсы жалақы қойсақ, ол заңгерлер жақсы жұмыс істейді», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Президент полицейлерге қатысты талаптарды өзгертуді жүктеді. Академиялар арқылы мамандарды іріктеу жұмысын қолға алу қажет. Алдағы уақытта полицейлердің жалақысы көтеріледі.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.