Бүгін Тараз қаласының №55 референдум учаскесіне тіркелген 1509 азаматтың бірі ретінде елімізде дамыған демократиялық қоғам құру жолында маңызды қадам болып табылатын жалпыхалықтық референдумда Конституцияға ұсынылған түзетулерді қолдап, дауыс бердім.
Әрқайсымыз Қазақстан халқының ажырамас бөлігі болып табыламыз. Референдум демократиялық институт ретінде әлеуметтік әділеттілік басты құндылығы болып табылатын Жаңа Қазақстан құру жолында бізге тұтас ұлттың болашағына және өз тағдырымызға ықпал етуге мүмкіндік береді.
Сондықтан да қоғамдық өмірдің жаңа әділ және түсінікті ережелерін анықтауда біздің даусымыз маңызды!
Осы мақсатта мен Қазақстанның даму векторын анықтайтын тарихи таңдауымды жасадым!