Конституция күні кең көлемде тойланды | arainews.kz

Конституция күні кең көлемде тойланды

168

Егемен еліміз тәуелсіздігін алған уақытта бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бұл кезеңде жас мемлекетіміз аяғына тұрып қана қоймай, әлемнің алпауыт державалары пікірімен санасып, ой бөлісетін, жаһандық аренада тұрақталған орны бар беделді республикаға айналды. Бұл ретте, Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуына Ата Заңымыздың тигізген үлесі зор. Сол себепті, ел азаматтары 30 тамыз күні ҚР Конституциясы күнін тойлайды. Мемлекеттік мерекеге орай түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізу де дәстүрге айналған. Осындай шараның бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде өтті.

Нақтысын айтқанда, сотталғандардың түзелу жолына түсуіне қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру мен дамыту, моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мен демеу мақсатында және «ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп сотталғандар арасында 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ЖД-158/2 мекемесінде спорттық ойын және концерттік бағдарлама түрінде жоспарланып өткізілді.

Ата Заң күнін тойлау футболдан жасақаралық жарыстан бастау алды. Онда жасақтар теңбіл доп тебу шеберліктерін ортаға салып, өзара мықтыны анықтады.

Келесі кезекте сотталғандар арасында мерекеге салтанатты жиналыс өтіп, оларға «Біздің Ата Заңымыз» тақырыбында дәрістер өткізілді.

Мерекеге орай ұйымдастырылған спорттық жарыстар реті турникке (белтемір) тартылу, арқан тарту, гір тасын көтеру, 100 метр жүгіруден және волейболдан жасақаралық жарыстармен жалғасты.

Шара соңында ұйымдастыруға ат салысқан және спорт ойындарында жеңіске жеткен сотталғандарды  іріктеліп, белсене қатысқаны кубокпен және дипломдармен марапаталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.