«Көмек керуені» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды | arainews.kz

«Көмек керуені» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды

115

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Көмек керуені» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды.

«Көмек керуені» облысымыздың барлық аудандарында жүзеге асырылуда. Жоба аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып 1000-нан аса жастар қамтылды.

Қайырымдылық керуені аз қамтылған, көпбалалы, жалғыз басты қарияларға барлығы 50 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Онда бірінші кезекте қажетті күріш, макарон, май, шай, қант және т.б. азық-түліктер қарастырылған.

Керуен аясында 20-дан аса сенбілік, 20-ға жуық жалғыз басты қариялардың үйін тазалау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кездесулер, семинарлар мен тренингтік жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында аталған шаралардың барлығы аудандық көлемде жүзеге асырылды. Солардың бірі Жамбыл ауданының Аса, Қарасу, Көлқайнар ауылдық округтеріндегі жалғыз басты ана, аз қамтылған 5 отбасыға әлеуметтік сыйқалталар таратылды. Атаулы әлеуметтік сыйқалталарды Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Таутен және ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы А.Қадыралиев табыстады. Жобаның мақсаты ауданға қарасты ауылдық округтердегі аз қамтылған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға  әлеуметтік көмек көрсету және жастарды имандылыққа, қайырымдылық іс-шараларға ерікті жастарды тарту болып табылады.

«Ерікті кеңес беру» жобасы аясында аудандық жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен терапевт дәрігердің, психолог және теолог мамандардың, сондай-ақ,  жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері аудан тұрғындарына тегіні кеңестер берді.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа онлайн және офлайын форматта аудан жастарына «Мәңгілік ел жастары — Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында лекция оқыды. Сондай-ақ, жоба аясында мектеп бітіруші тұлектерге  мамандық таңдау бойынша  онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.