«Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиыны өтті | arainews.kz

«Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиыны өтті

31

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында ашылған «Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиыны «Deshti club house» коворкинг орталығында өтті.

Жиын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасыны алғашқылардың бірі болып шығарып отырған балаларға арналған инклюзивті 4 форматтық кітаптардың тұсау кесер рәсімімен басталады. Келесі кезекте клуб мүшелері қаламгер Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаятын талқылады. Жазушының ғұмырына шолу жасалып, оқырмандар хикаяттан алған әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ «Тазының өлімі» хикаятының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Брайль қаріпіндегі авторы, кітапханашы Ербол Бегимов жиынға келген дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының оқушыларымен хикаятты жазып шығу барысындағы әсерін бөлісті.

Меруерт Сайлаухан,
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және
әлсіз көретін азаматтар кітапханасының кітапханашысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.