Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сұлтан Қалиевтің 75 жыл толуына орай «Əлемді кітап арқылы танимын» атты жас оқырмандар арасында облыстық байқау өтті. Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты жасөспірімдер арасында кітапсүйер жастарды анықтау жəне Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығын паш ету. Шараныың ашылуында басқарма орынбасары Зубайра Жарқынқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, ақынның өнер жолына тоқаталып өтті. Байқау шарты бойынша 7 мен 10, 10 мен 15 жас аралығын қамтитын төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар өзін-өзі таныстырды, екінші кезеңде оқушылар С.Қалиевтің өлеңін оқып, көрініс қойды, одан кейін «портрет галерея» кезеңінде ертегі кейіпкерлерін тауып, төртінші кезеңде Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Байқауға ақын, журналис, сатирик Бақытжан Советұлы, Д.А. Қонаев қорының аға референті Құрманғазы Демешов, облыстық «Aq-Jol» газетінің тілшісі Есет Досалы қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушылардың ұпай сандарын әр кезең сайын бағалап отырды. Сонымен жеті және он жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы байқаудың нәтежесінде Талас ауданынан келген Алина Бейбіт бірінші орын, Сарысудан ДиасБақытжан екінші орынды еншілесе, үшінші орынды Меркілік Медина Мәжит пен Инсан Разбай жеңіп алды. Ал он мен он бес жас аралығындағы оқушылар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Жуалы ауданының қатсыушысы Меруерт Кари қол жеткізіді. Екінші орынды Жамбыл ауданының оқушысы Махаббат Алипчеева мен Байзақ ауданының оқушысы Венера Мырзакулова бөлеіссе, Минура Сатыбалдиеваға үшінші орын бұйырды. Жеңімпаздардың диплом мен бағалы сыйлықтарын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов табыс етті.
Елдар БОРАНБЕК