ХАМИТ ЕСАМАН – ЖҮЛДЕГЕР | arainews.kz

ХАМИТ ЕСАМАН – ЖҮЛДЕГЕР

180

Қарағанды облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық мүшәйрасында «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман үздіктер қатарынан көрінді.
Бұған дейін облыстық ауқымда өткізіліп келген мүшәйра биыл тұңғыш рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Мүшәйрада еліміздің әр аймағынан 18-40 жас аралығындағы 70 үміткер бақ сынап, оның 17-сі ақтық сынға шықты. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орын «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Хамит Есаманға, Түркістан облысынан келген Арқалық Әмәлиятұлына және алматылық Мұхтар Күмісбекке бұйырып, олардың әрқайсысына 150 мың теңгеден табысталды. ІІ орынды Қарағанды облыстық «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Жанат Жаңқашұлы және маңғыстаулық ақын Асылбек Жаңбырбай иеленді. Мұндағы жүлде 250 мың теңгеден болды. Ал, І орынның 350 мың теңге жүлдесі Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Рауан Қабидолдинге бұйырса, бас жүлде – 500 мың теңгені осы басылымның аға тілшісі Жәнібек Әлиман иеленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.