«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген.
Кейін қаза болғандар саны 21 адамға жеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.