«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» | arainews.kz

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

209

Өңірлік коммуникация қызметінің аланыңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми практикалық» орталығының» «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Жұмыс тобының құрамындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті Тіл саясаты басқармасының басшысы Амангелді Қожабек қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, қазақ тілінің латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелерді қайта атау және өзге де өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.