Қазақстанда Назарбаев Университет секілді тағы бір іргелі ЖОО ашылады | arainews.kz

Қазақстанда Назарбаев Университет секілді тағы бір іргелі ЖОО ашылады

155

«Жоғары білім саласында оқу орындарына талаптар қатая түседі. Гранттардың санын өсірдік. Ендігі кезекте жауапкершілікті арттыратын уақыт келді. ЖОО-ның табыстылығының басты талабы — оқу біткеннен кейін студенттердің жұмыспен қамтылуы, олардың жоғары айлығы бар жұмысқа орналасуы болмақ. Университетті бітіргеннен кейін — түлектердің халі не болды, оларды айлығы жақсы жұмысқа қабылдады ма? Солай болса, демек, университет мықты деген сөз. Олай болмаса, бұл университеттің өміршеңдігі де жоқ. Ол университет балалардың түспейтінін білуі тиіс», — деді Президент.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Білім және ғылым министрімен сөйлескенін айтып өтті.

«Осы жылы барлық университеттер түлектерді шығарды. Қай университеттен қаншасы жұмысқа орналаса алды? Ол туралы жариялы түрде айтып, баспаға жариялап, телевидениеден де көрсету керек. Міне, сондықтан ЖОО-ларды ірілендіру саясатын жүргізу керек. Біздің елде 130-дан астам университет бар. Шыны керек, олардың саны бұрын 200-ге жуық еді. Әлбетте, ЖОО-ларға қарсы емеспін, кімнің қайда оқысы келсе, сонда оқысын. Бірақ, ешкімге қажет болмай қалатын адамдарды дайындаудың, жай диплом бере салудың керегі не?» — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы жерде сыбайлас жемқорлықтың да қылаң беретінін еске салды.

«Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-лар қалуы керек. Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университеттің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек. Әлбетте, Назарбаев Университетке қомақты қаражат бөлініп жатыр деуі де мүмкін. Бірақ, басқа университеттер — Алматыдағы Экономика және сауда университеті ме еді — тартып жатыр ғой. Олар да сәтті жұмыс істеуде. ҚазМУ-да солай сәтті жұмыс бабында. Қазіргі білім беру инфрақұрылымының базасы негізінде Назарбаев Университеттің үлгісі бойынша тағы бір аймақтық ЖОО ашу керек деп есептеймін», — деді Президент.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.