ҚР Қорғаныс министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Арнайы мақсаттағы геоақпараттық тұғырнама» жобасын іске асыруды ұсынды.
Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш жоба картографиялық және өзге де геокеңістік деректерді, инфрақұрылымдық мәліметтердің үлкен ауқымын бірыңғай форматқа біріктіреді. Сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шешім қабылдауын қолдаудың ақпараттық жүйелерінің базалық тұғырнамасына айналады.
«Осылайша, жобаның іске асырылуы барлық дәрежедегі командирлерді дәйекті және жедел геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз етуге, жер туралы ақпаратты жинауға уақытты қысқарту есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыруға, сонымен қатар оны бағалау мен әскерлерге өзекті геокеңістік деректерді жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұрыстарда елеулі басымдық бермек және цифрлық армия форматына көшу үшін қажетті жағдайға айналады.
Аталмыш жоба аясында цифрлық картографиялық деректер мен аэроғарыш түсірілімдерінің бірыңғай форматқа конвертацияланған интеграциясына негізделген Геокеңістік ақпараттың бірыңғай банкі қалыптастырылады.