Қазақстанда 2020-2024 жылдарға индустрияландырудың бағдарламасы әзірленіп жатыр | arainews.kz

Қазақстанда 2020-2024 жылдарға индустрияландырудың бағдарламасы әзірленіп жатыр

186

Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығына арналған құжат әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жаңа жаһандық технологиялық трендтерді есепке ала отырып, 2020-2024 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлегенін атап өткім келеді. Негізгі мақсат — экспортты дамыту мен ілгерілетуге екпін жасай отырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру», — деді Ж. Қасымбек.

Осы орайда технологиялар трансфертіне және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға айрықша назар аударылатын болады.

«Бақытжан Әбдірұлы, біз Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының негізгі қағидалары мен тәсілдемелерін Сіздің төрағалық етуіңізбен Өнеркәсіптік даму комиссияның отырысына шығаруды ұсынамыз (ағымдағы жылғы қыркүйектің бірінші он күндігі)», — деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаның бірінші бесжылдығы 2010 жылы, ал екіншісі 2015 жылы басталған болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.