Қазақстан ISAR үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды | arainews.kz

Қазақстан ISAR үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды

169

Қазақстан алғаш рет Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды.

22 — 26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобының 35-ші отырысы өтіп жатыр.

Бұл алаңда алғаш рет Қазақстанның өкілі ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру — Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсатта бухгалтерлік есепті және есептілікті әзірлеу, озық тәжірибелерді бөлісу саласындағы ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін ғаламдық және инклюзивті форум ретінде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобы құрылды.

ISAR шеңберінде талдамалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар, халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді практикалық іске асыруға жәрдемдесу үшін басшылық құжаттар және техникалық көмек жобалары бойынша өткізіледі.

35-сессияда мынадай мәселелер қарастырылады:

— цифрлық валюталар және блокчейн (блок тізбегі): есепке алудың салдары;

— қаржылық және қаржылық емес есептіліктердегі соңғы оқиғалар және олардың SDG үшін салдары;

— тұрақты даму туралы есептердің салыстырмалылығын арттыру;

— мемлекеттік және жеке секторларда есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарын практикалық іске асыру мәселелері.

Қазақстанда «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңы ТММ аймағында бірінші болып қабылданды.

Мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің тиімділігіне баға берілді және тиімділік аудитінің әдістемесі әзірленді (ішкі аудит және қаржылық бақылаудың іс жүргізу стандарттары, «Ішкі аудит қызметінің жұмысына баға беру», ішкі аудит қызметінің тиімділігін тексерудің рәсімдік стандарттары).

Қазақстанда 2015-2016 жылдар кезеңінде корпоративтік есептілік инфрақұрылымын бағалау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар берілді.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі кәсіптік бақылауды жүзеге асыру бойынша қазақстандық кәсіби қауымдастықпен белсенді жұмыс істеуде, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау жүйесін жетілдіруде.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.