Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды | arainews.kz

Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

137

Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошылар жұбаныш финалында Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразиялия құрамасынан 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік берілді.

Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрама сапында Арслан Есенгел, Нарбаев Бауыржан, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағытбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Кәмила Берліқаш күресті.

Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Осыған дейін 73 келіне дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бағытбергенов қола жүлдегер атанса, аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.