Кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды | arainews.kz

Кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды

172

Бүгін өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі өндірістік аймақтарға жеке кәсіпкерлерді тарту бойынша онлайн жиын өтті.

Бейнебайланыс арқылы өткен басқосуға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Аймен Тайтелиева, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Айгүл Танашева және кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жиын барысында А. Танашева кәсіпкерлерге мекеме аумағындағы өндірістік ғимараттарды ақысыз жалға алып, кәсіптерін жүргізуге мүкіндік барын айтты. Сондай-ақ, сотталғандарды жұмысқа тарта отырып, арзан жұмыс күшін пайдалануға болатынын жеткізді.

– Аталған шара жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асуда. Осылайша, сотталғандардың еңбегін пайдалана отырып кәсіпкерлерге түзеу мекемесі аумағында кәсіпорындар мен жаңа өндірістік цехтар ашуға болады. Қазіргі уақытта мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында тігінші, электромонтер, токарь, ағаш ұстасы сонымен қатар құрылысшы секілді мамандықтарды игерген жоғары білікті мамандар бар. Бұл туралы біз өңірлік ҚАЖ департаментінің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде және БАҚ-да ақпарат жариялаған болатынбыз, – деген А. Танашева кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.