Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүруде | arainews.kz

Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүруде

158

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінетінін айтқан еді. Осыған орай елімізде бірқатар жұмыстар қолға алынды.

Қазіргі таңда Тараз қаласында бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жалпы биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 20 миллиард 9,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард 321,9 миллион теңгеге артып отыр.

2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 млрд. 707,8 млн. теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған. Оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады.

Ал «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды.

Бұдан бөлек Шалғай Қарасу алқабының Молдарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.