Илья Ильин денсаулығы туралы шындықты айтты | arainews.kz

Илья Ильин денсаулығы туралы шындықты айтты

187

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram парақшасында денсаулығы туралы ақпаратты бөлісіп, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медальды жеңіп алуға үміт ететінін мәлімдеді.

«Дәрігерге бардым. Сөйлестік. Омыртқа жотамның үш жері зақымданған екен. Бәлкім, бұл туралы пост жазатын шығармын, ойланып көремін. Бірақ, дәрігер жақсылап жұмыс істеу қажет екенін айтты… Қарапайым адамға мүмкін емес, ал маған болады. Өйткені, менің мақсатым бар, оған жетуге тиіспін… Алдымен бір ай зілтемірсіз физиотерапия, ем-дом жасап, бұлшықеттерімді сомдап, сосын сатылай ауыр атлетикаға көшу қажеттігін ұқтырды. Осы жерде онымен келісемін, көп рахмет оған, ол жақсы адам. Мен спортшымын, тек алға жүруге тиіспін. Командам жақсы, олар маған көмектеседі, бүкіл елім қолдап тұрғанда, алтын медальды жеңіп аламыз! Баршаңызға мені уайымдап, қолдағандарыңыз үшін көп рахмет! Бұл мен үшін аса маңызды! Токио Олимпиадасына қарай жылжи береміз», — деп жазды Ильин.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.