Елорда күніне арналған аламан | arainews.kz

Елорда күніне арналған аламан

168

Еліміздің бас шаһары – Нұр-сұлтан қаласының туған күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Жастар ресурстық орталығының» мұрындық болуымен  «Тараз-Арена» спорт сарайында еңбек жастары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Айтулы спорттық шараға 104-тен астам адамды қамтитын 8 команда қатысты, -деп хабарлайды «Аrainews» ақпараттық агенттігі.

Спартакиаданың ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары қатысты.

Тартысты өткен шарада І орын «Казфосфат» командасына бұйырса, жүлделі екінші орын  «Полиция сақшылары» командасының қанжығасына байланды. Ал үшінші орынды «Жас сарбаз» командасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, жалпы командалық кубоктарымен және «Жастар ресурстық орталығының» дипломдарымен, арнайы жалпы командалық сыйлықтарымен марапатталды.

– Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп,  өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек, – дейді жарыс қатысушылары.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.