Елімізде ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар қандай? | arainews.kz

Елімізде ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар қандай?

193

Қазақстанда қандай мамандықтар ең көп сұранысқа ие? Жұмыс берушілер оларға қандай мөлшерде айлық төлеуге дайын отыр? Бұл туралы Еnergyprom.kz тереңірек талдау жүргізді.

Еліміздегі ең жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басында әлі де есепшілер мен заңгерлер тұр. Олардың Қазақстандағы орташа айлық жалақысы 157 мың теңге. Алайда жұмыс берушілер оларға айына 283 мың теңге төлеуге даяр.

Аталмыш салалардағы қызметтің деңгейі алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 58 пайызға өскен. Жарты жылдың қортындысы бойынша есепшілік пен заңгерлік салада қазақстандықтарға 51,9 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 57,6 пайызға артық көрсеткіш.

Көрсетілген қызметтердің саны жағынан Алматы қаржы орталығы (ҚР-дағы қызметтердің 71,5 пайызы) көш бастап тұр. Сонымен бірге, жалпы қызметтердің 18,6 пайызын астаналық есепшілер мен заңгерлер көрсеткен.

Көрсетілген қызметтердің ішінде ең сұранысы жоғары — аудиторлардың қызметі. Жалпы, қызметтердің 32,2 пайызын (16,7 млрд теңге) аудиторлар көрсеткен. Сонымен бірге, қызметтердің 24,1 пайызы шот құру мен бухалтерлік есеп қызметіне тиесілі. Ал 10,4 млрд теңгенің заңгерлік кеңесін жүргізген адвокаттарға жалпы қызметтердің 20 пайызы келіп отыр.

Жалпы, Қазақстандағы жұмыс берушілердің жартысына жуығы (49,6 пайызы) әлеуетті қызметкердің кем дегенде бір жылдық өтілі болғанын қалайды. HeadHunter порталының талдауына сүйенсек, жұмыс алдындағы сауалнамаға көп жағдайда 3 жылдық өтілі бар, толық жұмыс күнінде еңбек ете алатын адамдарды шақырады.

Жұмыс өтілі 3 жылдан 6 жылға дейінгі мамандарды ұжымдағы HR-мамандардың 26 пайызы көргісі келеді. Бұрын еш жерде еңбек етпеген адамды жұмысқа алуға жұмыс берушілердің 18 пайызы ниетті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.