Министрлер мен әкімдерге шешім қабылдауда еркіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Үкіметте әкімдер мен олардың орынбасарларының қатысуымен тәулігіне 7 жиын өткізетін күндер де болады. Бақытжан (ҚР Премьер-Министрі Сағынтаев — авт), сен өзің қай уақытта жұмыс істейсің? Сондықтан да елімізде ештеңе де бақыланбайды. Тек қана отырасыңдар. Мен белгілеген тәртіпті орындаңдар. Адамдарға жұмыс істеуге, өз ісімен айналысуға мүмкіндік беріңдер. Біз әкімдерге, миинстрлерге шешім қабылдауда еркіндік береміз деп уағдаластық. Олар нақты міндеттемелерді алып, олар туралы жария есеп берулері тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, министрлер өз беттерінше жұмыс істеуі үшін Үкімет басшысының орынбасарлары қысқартылғанын еске салды.
«Вице-премьер қайтадан жиналыста отыр. Кабинетіңде телефон бар, соны пайдаланып сөйлесу керек, тапсырма беру қажет. Бұл бюрократизмнің ең жоғары шегі», — деді Мемлекет басшысы.