Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға 1 трлн. 288 млрд. теңге бөлінеді | arainews.kz

Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға 1 трлн. 288 млрд. теңге бөлінеді

353

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен актив отырысы өтті. ҚР Қаржы министрі, республикалық ақпараттық топтың жетекшісі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен алқалы басқосуда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауынан туындаған міндеттер кеңінен талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар сараланды. 

Баяндама жасаған Әлихан Асханұлы Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындау үшін 1 трлн 288 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.  Атап өтер болсақ, ең төменгі айлық жалақыны көтеру үшін 85,8 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен экспортты ілгерілету үшін 500 млрд теңге, шағын және орта бизнесті дамыту үшін үш жылдың ішінде 90 млрд бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, алдағы бес жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2 миллион адамды үймен қамту үшін 77 миллион шаршы метр баспана бой көтеретінін, әрі қосымша жалға берілетін үйлердің құрылысына 30 миллиард теңге бөлінетін айтып өтті.

Сонымен қатар, актив отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова өзінің бірқатар ұсыныстарын жеткізсе, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов Жолдау аясында білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.