Елбасы Түркістан жайлы: Жаңа облыста жаңа тәртіп болсын | arainews.kz

Елбасы Түркістан жайлы: Жаңа облыста жаңа тәртіп болсын

383

Бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысындағы жемқорлықты сынады.

Мемлекет басшысы Түркістан облысында тіпті еден тазалаушы да жұмысқа орналасу үшін пара беретіндігін сынға алып, осы ретте өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтан бұл проблеманы қалай шешпек ойы бар екендігін сұрады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, өткенде «Нұр Отанның» жиынында да бұл мәселені айтқан едіңіз. Біз одан кейін арнайы шаралар қабыладық. Қазір техникалық қызметкерлерді, мұғалімдерді, директорларды интернет арқылы қабылдаймыз. Жеке адаммен  жолығу жоқ. Сонымен қатар балабақшаларға, 1 сыныпқа қабылдауды жөнге келтірдік»,- деп жауап берді облыс басшысы.

«Жаңа облыста жаңа тәртіп болсын», — деді  Елбасы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.