Елбасы «Ауыл — ел бесігі», «Сарбаз» және «Өз жеріңді танып біл» бастамаларын көтерді | arainews.kz

Елбасы «Ауыл — ел бесігі», «Сарбаз» және «Өз жеріңді танып біл» бастамаларын көтерді

218

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерді қолдау және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы бойынша тың бастамалар көтерді.

«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл — ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сонымен қатар «Бойскаут» қозғалысы секілді «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керектігін атап өтті. Бұл бастамаға Елбасы Қорғаныс министрі атсалысар деген сенім білдірді.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша мектеп туризмін жаңғырту керек. Мәдениет және спорт министрі бұл мәселені қолға алса — жас ұрпақ жыл сайын аралап Қазақстанын — Отанын тереңірек біле түседі», — деді

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.