Дін өкілі дәріс жүргізді | arainews.kz

Дін өкілі дәріс жүргізді

182

Ағымдағы жылдың 10-шы ақпаны күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде жоспарға сәйкес мекеменің теологтары әділет аға лейтенанты Р.Оразбеков және әділет аға лейтенанты Н.Желдібаевтың бастамасымен ,«Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және сотталғандардың бойында радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Нағыз мұсылманның бет-бейнесі», «Жаратушыға шын ықыласпен сену» атты тақырыбында мекемедегі ислам дінін ұстанатын сотталғандарға жалпы дәріс жүргізді. Дәрістен сотталғандар имани сусындалып, көкейлерінде жүрген біраз сұрақтар қойып, ұғымды жауаптар алды. Тек мұнымен ғана шектелмей сотталғандарды дәрістен соң жеке сұрақпен қабылдап, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірер сағатқа созылған сұхбат баршаның көңілінен шықты деуге толық негіз бар, олай деуімізге абақтыда айыбын өтеушілердің тағы да осындай жиындардың көптеп өтуіне сұраныс білдіруі сеп.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.