Денсаулық сақтау басқармасына — жаңа басшы | arainews.kz

Денсаулық сақтау басқармасына — жаңа басшы

32

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің өкіміне сәйкес денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы болып Сержан Сәрсенбекұлы Назарбек тағайындалды.

Сержан Сәрсенбекұлы 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, Германия Федеративтік Республикасындағы Билефельд университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған.

«Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау саласындағы ғылым магистрі және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «бизнес және менеджмент» магистрі.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және неміс тілдерін меңгерген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.