Цифрлы телевидениеге көшу – уақыт талабы | arainews.kz

Цифрлы телевидениеге көшу – уақыт талабы

210

Мойынқұм ауданына Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бұқаралық ақпарат және мониторинг талдау бөлімінің басшысы Асылжан Құрманов және «Қазтелерадио» облыстық филиалының бас маманы Ерғали Иманбек жұмыс сапарымен барды.

Өздеріңізге белгілі, аналогты телерадио хабар таратудың уақытысы аяқталуға тәмам. Қазіргі цифрлы заманда барлық хабар таратулар цифрлық жүйеге өтеді. Сапардың басты мақсаты ауыл тұрғындарымен кездесіп, осы жылдың соңына дейін істен шығатын аналогты телевизия туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталды.

Жиын барысында аналогты телевизияның жыл соңына дейін өшірілетіні, тұрғындарға Отау ТВ немесе 15 арналық Т2 кабельді телевизияға көшу маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бұрын 2-3 каналдық антенналардың өшетіні туралы хабарламаны «Мойынқұм таңы» аудандық газетіне жарияланған болатын. А.Құрманов жиын барысында өнімді жариялау емес цифрлы телевизияға көшу маңыздылығын түсіндіру сапарларының басты мақсаты екенін тілге тиек етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.