Бұл ең қатаң санкциялар — Трамп Иранның бизнес әріптестеріне ескерту жасады | arainews.kz

Бұл ең қатаң санкциялар — Трамп Иранның бизнес әріптестеріне ескерту жасады

235

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға санкция салынатынын жариялады, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Бұл салынған ең қатаң санкциялардың бірі, ол қарашада одан ары көтеріледі. Иранмен кәсіп жасаған кез келген адам Құрама Штаттармен бизнес жасамайды. Мен әлемде бейбітшілік болғанын талап етемін, одан басқа ештеңе керек емес!», — деп жазды Трамп Twitter-дегі парақшасында.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың басында Вашингтонның Иранмен жасасқан ядролық бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген. Ол Тегеранға қарсы барлық санкцияның қайта іске қосылатынын атқан. Оның қатарында қайталама санкциялар да бар, яғни ол Иранмен бизнес жүргізетін басқа да елдерге қатысты.

Санкцияның бірінші бөлігі 6-дан 7 тамызға қараған түні қалпына келтіріліп, дереу күшіне енген. Ал екінші бөлігі  5 қарашада іске қосылады. Оған Иранның энергетикалық секторы және мұнай келісімінен тұратын санкциялар жатады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.