БҚО-да жол ережесін бұзған 1800 жаяу жүргінші жауапқа тартылды | arainews.kz

БҚО-да жол ережесін бұзған 1800 жаяу жүргінші жауапқа тартылды

291

Биыл Батыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзғаны үшін 1800-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаяу жүргіншілер көбіне өтуге болмайтын жерден кесіп өтеді, тыйым салынған белгіге қарамайды, көліктің жақындап қалғанын аңдамайды.

Соңғы кезде жол оқиғаларының жиілеуі автокөліктердің көбеюіне де байланысты болып отыр.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста 29 қазан — 2 қараша аралығында «Абай болыңыз, жүргінші!» атты кең ауқымды шара өткізілмек.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тапқан. 91 адам жарақат алды. Жүргіншілердің кінәсінен 4 оқиға тіркеліп, 4 адам түрлі жарақат алды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.