«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда | arainews.kz

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда

139

Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құн­ды­лықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайтуға аса мән беріледі. Балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,- деп балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті.

Қоғамның игілігіне қызмет атқаратын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Ал, ұлттың жаңа сипаты жаңа құндылықтар арқылы қалыптасатыны белгілі.

Жамбыл облысындағы 447 мектепте 436 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 178 мектеп директорларының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, 428 әлеуметтік педагогтар қызмет атқарады.

Өткен оқу жылында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді.

2024 жылы  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда атап өткен құндылықтар жүйесімен толықтырылып, мазмұны жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы еліміздің білім беру мекемелерінде 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының стратегиялық бағдары болып табылады. Бағдарлама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жариялаған алты негізгі құндылықты кіріктіру арқылы білім алушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған. Бұл құндылықтарға мыналар жатады:

  • Тәуелсіздік және отаншылдық: өз еліне деген мақтаныш, оның рәміздері мен тарихын құрметтеу сезімін қалыптастыру.
  • Бірлік және ынтымақ: әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық пен өзара көмектесу қабілетін дамыту.
  • Әділдік пен жауапкершілік: заңдылықты, этикалық нормаларды түсінуді және өз іс-әрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайын болуға баулу.
  • Заң және тәртіп: заңдар мен ережелерді сақтау маңыздылығын меңгеру, қоғамдық тәртіпті сақтау.
  • Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік: еңбекке деген құрмет, кәсіби дамуға ұмтылыс және өз қызметінде жоғары стандарттарға қол жеткізуді қалыптастыру.
  • Жасампаздық және жаңашылдық: шығармашылық ойлау, жаңашылдыққа ұмтылу және жаңа сын-тегеуріндерді қабылдауға дайын болу қасиеттерін дамыту.

Бағдарлама үш негізгі блокқа бөлінген, олардың әрқайсысы тәрбие жұмысының әртүрлі аспектілерін қамтиды:

1.Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу.

Бұл блокта негізгі құндылықтарды жүйелеу және оларды оқу процесіне кіріктіру ұсынылған. Педагогтер білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуға, өзіндік рефлексия мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған сынып сағаттарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар алады. Құндылықтарды кіріктіру пәнаралық байланыстар және сыныптан тыс іс-шараларды белсенді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бұл блокта негізгі құндылықтарды жүйелеу және оларды оқу процесіне кіріктіру ұсынылған.

Педагогтер білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуға, өзіндік рефлексия мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған сынып сағаттарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар алады. Құндылықтарды  кіріктіру  пәнаралық байланыстар және сыныптан тыс іс-шараларды  белсенді  пайдалану арқылы  жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік жобалар мен  іс-шаралар  арқылы  құндылықтарды енгізу.

Бағдарлама  оқушыларды  волонтерлік қызметке тартуға, көшбасшылық қасиеттер мен шығармашылық әлеуетті дамытуға бағытталған «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен» және «Smart bala» сияқты бірқатар әлеуметтік жобаларды қамтиды. Мысалы, «Қамқор» жобасында экологиялық бастамалар мен волонтерлікке баса назар аударылса, «Smart bala» жобасы инновациялар мен кәсіпкерлікке деген қызығушылықты арттырады.

Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.

2024 жылдың 19-28 тамыз күндері аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұнын кең көлемде түсіндіру масқатында аудандық, Тараз қалалық тәрбие  жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары онлайн және офлайн режимінде өтті.  Барлығы  17 семинар өткізіліп, педагог 12488 офлайн, 2830 педагог онлайн қатысты, яғни 59%-ы қамтылды.

Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстары тек тәрбие сағатында жүргізілмей, әрбір педа­гог өз сабағында құндылықтар аясында тәрбиеге ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдарымен тәлімгерлік бағыттағы жұмыстары күшейтілді. Домбыра тарту бойынша факультатив курстарын  ашылды, шахмат секциялар желі кеңейтілді. «Тоғыз ай – 9 іс шара», «4 тоқсан – 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар өткізу арқылы тәрбие жұмысы күшейтілді.

Аталған бағдарламаның бала тәрбиесіне берері мол болды деп білемін. Сөзімнің дәлелі бағдарлама шеңберіндегі беріліп отырған жобалардың, нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыстардың көрсеткіші бола білді, сонымен қатар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылуы жұмысымызға жаңа серпіліс пен қызығушылық тудырды. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланыста болып, біртұтас тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысуы, ата-аналар мен жұртшылықтың мектепке деген оң көзқарасы мен сыйластығының арта түсуіне ықпал етті.

Сондай-ақ, клуб аясында «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі»  секцияларының жұмыстары мектеп пен ата-ананың мазмұнды ықпалдастық жұмыс нәтижесінде баланың психологиясын терең түсініп, педагог жұмысына шынайы жаңашырлық танытты.

  1. Оқу жылының жаңалығы болған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы біздің облысымызда оң нәтиже берді.
  2. «Даналық мектебі» клубының жұмысы отбасы сыйластығына ерекше өзгерістер әкелді.
  3. Жоғалып бара жатқан құндылықтарымыз жаңғырды.
  4. Білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыс нәтижесінде мектепке келуші ата-аналардың саны артты.

Өткен оқу жылы мектеп директорларына, аудандық/қалалық тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың  тәрбие, құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге,  педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған  білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша 73 әдістемелік іс-шара өткізілді, оған 9 мыңнан астам педагог қатысты.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары қызметінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін «Өркен» БӘАҰҒПИ» КЕАҚ «Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» қызметін ұйымдастыру»  жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа ала отырып облысымыздағы 447 орта мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы жалғастырылуда. Білім беру ұйымдарындағы ата-аналармен ынтымақтастыққа жағдай жасау және оларды мектеп өміріне тарту мақсатындағы, балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бағдарламасының жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша қыркүйек айында жалпы білім беретін 447 мектепте ата -аналарға арналған 9247 сабақ  өткізіліп, бастауыш  буында 73216 (82% құрады)  ата-ана, орта буында 90315 (75,3% құрады) ата-ана, жоғарғы буында 18630  (72,9% құрады) ата-ана  қатыстырылды.

Әлеуметтік желілер арқылы педагогтарға, ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында облыстық оқу-әдістемелік орталығының сайтында «Тәрбие жаршысы» каналы ашылып, әдістемелік нұсқаулықтар, ұсынымдамалар, жадынамалар, бейнероликтер орналастырылған.

 Білім беру шеңберінде білім алушылардың жалпыадамзаттаық құндылықтары мен эмоционалдық интеллектін дамыту Абайдың «Толық адам», Шәкәрімнің  «Ар-ұждан», Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Жүсіп Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұралары, Ақселеу Сейдімбетовтың  қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеу және өз еліне қызмет ету жөніндегі идеяларына негізделіп жүргізілуде.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылар арасында жазушылардың шығармаларын талдау мақсатында пікір алмасу алаңдары құрылып,  оқушылар арасында жазушылар еңбегінің маңызы, көркемдік идеясы туралы ой-пікірлер айтылып шығармалардағы типтік образдарды аша отырып,  оқырманның  кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін айту арқылы таным мүмкіндігін таныту мақсатында белсенді оқырмандардың полилог алаңдары өткізілуде.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар­мен жұмыстарды күшейту, ата-­аналар комитетінің, әкелер кеңесінің беде­лін арттыру, ата-аналар институтын құру мақ­сатында бала тәрбиесі, отбасылық, рухани құндылықтар мәселесімен қатар жас­өспірімдер ара­сындағы құмар ойындардың, ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, бул­линг, кибербуллингтің, интернетке тәуел­діліктің алдын-алу мәселелері бойынша түрлі тақырыптарда ата-аналар іс-шаралар өткізуде.

Барлық білім беру ұйымдарында мектеп және ата-ананың жауапкершілігін кү­шей­туді көздейтін мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылының жаңа «Оқушы — мектеп — ата-ана» аясында ықпалдастығымен жұмыстар жаса­луда. Ата-аналарға кеңес қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы — мектеп», «Мектеп өмірінің бір күні» атты жобалары енгізілген.

Осы мақсатта өткен оқу жылында ата-әжелер, әке-ана­лардың қатысуымен 400-ден аса іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңға жуық оқушы қатысқан. Ардагер ұстаздар мектептің оқу-тәрбие жұмы­сына белсене араласып, ұрпақтар сабақ­тастығы негізінде жас ұстаздарға, оқу­шылар мен жас ата-аналарға ақыл-кеңестерін беріп, тәжіри­белерімен бөлісіп, тағылымды тәр­биелік іс-шараларға қатысуы облысымызда дәстүрге айналған.

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Міне осы тұста білім беру ұйымдарында жүзеге асырылған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы үлкен үлес қосты.

Бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, ата-ана үштағаны жұмысы жаңа серпін алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.