Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды
Байқоңырда «Союз МС-10» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. Бұл туралы диктор «Роскосмос» сайтында телетрансляция кезінде айтты.
«Союз МС-10» бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. NASA мәліметінше, іздестіру-құтқару командасы апат болған жерге бара жатыр.
tengrinews.kz