«Балмұздақ» ұғымын қалай түсінесіз? | arainews.kz

«Балмұздақ» ұғымын қалай түсінесіз?

345

Міне, жаңа оқу жылының басталғанына көп бола қойған жоқ. Бұл кезең студенттер үшін де қызыққа толы. Жанұядан жырақтап, жаңа ортаға тап болатын жастардың алғашқы әсері тіптен бөлек. Тіпті, 1-курс студенттерін «балмұздақ» деп атайтындар да аз емес. Осы орайда, біз жоғары оқу орындарының алғашқы курсына қабылданған замандас­тарымызбен пікірлесіп, «балмұздақ» ұғымын қалай түсінетіндіктерін сұрап көрген едік.
Гүлжауһар Бажақай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 1-курс студенті:
– Шынымды айтсам, бұрын-соңды бұл сөздің 1-курс студенттеріне айтылатынын білмеппін. Тараз қаласына Шымкенттен келіп бірінші рет естідім. Тіпті, көкейімде «Неге балмұздақ, неге басқа сөз емес?» деген сұрақ та туды. Алғаш сабаққа барған күні жоғары курс студенттері «О, балмұздақтар!» деген кезде біртүрлі күй кештім. Кеудемді намыс та кернеді. Ол сөздің төркінін түсінбегендіктен ызаға бой алдырмайын деп өз-өзімді ұстадым. Кейінірек біз секілді алыс аймақтан келген, ата-анасын сағынып жүрген жас студенттердің балмұздақтай нәзік сезіміне қатысты айтылған түсінік шығар деп топшыладым. Әрине, бұл менің жеке ойым.
Аружан Әбілқасымова, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 1-курс студенті:
– «Балмұздақ» деген тәтті әрі салқын өнім. Студенттік өмір де тәтті кезеңдер мен салқын сәттер­ден тұратын ерекше кезең. Менің ойымша, «балмұздақ» ұғымы осыдан шыққан секілді.
Бекарыс Амангелдин, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 1-курс студенті:
– Менің ұғымымда «балмұз­дақ» деп қаланың тыныс-тірші­лі­гімен жаңадан танысып жатқан балғын білімгерлерді атайтын секілді. Бірақ, неге дәл «балмұздақ» деп аталуының мәнісін біле алмадым.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.