Азиада-2018: Ел қоржынына көптен күткен екінші алтын түсті | arainews.kz

Азиада-2018: Ел қоржынына көптен күткен екінші алтын түсті

229

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына көптен күткен екінші алтын медаль түсті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алтын медальді велоспорттан Алексей Луценко жеңіп алды. Ол 150 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.  Аталған додада екінші орынды жапондық спортшы жеңіп алса, үздік үштікке Таиланд велошабондозы ие болды.

Тасжолдағы топтық жарысқа Луценкодан бөлек  Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Евгений Гидич қатысты. Өкінішке қарай олар жүлделі орындардан көріне алған жоқ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.