Ауылдарда рейд жұмыстары жалғасуда | arainews.kz

Ауылдарда рейд жұмыстары жалғасуда

199

Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары, мобильдік топтың төрағасы Амангелді Нәметқұлов Биназар, Бірлік ауылдық округтерінде болып,  Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде рейд жұмыстарын жүргізді.
Мониторингтік топ жұмысының барысында 10 нысанды аралап, кеткен кемшіліктерге байланысты хаттама толтырылды.
Сонымен қатар қызметкерлерге бетпердемен жүруін, тұрғындарға медициналық қолғаппен қызмет көрсетуін, дезинфекция құралдарын пайдалануын, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.