«Ауыл-Берекенің» жүлдесі | arainews.kz

«Ауыл-Берекенің» жүлдесі

Іріктеуден іркілмеген тоғызқұмалақшылар

232

Тоғызқұмалақ ойынынан «Ауыл-Береке» сауда орталығының жүлдесі сарапқа салынған аймақтың ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Облыс орталығында ұйымдастырылған додаға 8 ауданнан 50 -ге жуық спортшы қатысып, өзара сынға түсті.

Турнирдің ашылу салтанатында Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев пен қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жекелей рапид номинациясы бойынша 7 турда швейцар жүйесімен өрбіді. Ойынның шартына сәйкес әр ойыншыға – 20 минуттан уақыт берілді.
Сонымен үш күнге созылған турнирдің қорытындысында тараздық Ербол Нұрханов жеңіс тұғырынан көрінсе, Шу ауданынан келген Нұрболат Әлдібай екінші орынды иеленді. Үздік үштікті байзақтық Болатбек Мұратәлі түйіндеді. Ал, қыздар арасындағы сында Т.Рысқұлов ауданынан келген Ұлжан Мұраталиева топ жарса, қордайлық Кәмила Лепесова мен Тұмар Серікбекова тиісінше ІІ-ІІІ орындарды өзара бөлісті. Енді іріктеуден іркілмей өткен жеңімпаздар ел біріншілігінде облыс намысын қорғайтын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.