Астана күніне орай футболдан турнир өтті | arainews.kz

Астана күніне орай футболдан турнир өтті

63

Елордамыз Астананың 25 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен күні кеше департаментке қарасты мекемелер арасында футболдан турнир өтті. Жарысқа пробация және 5 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Еркін Нұрбаев, сала ардагерлері – отставкадағы полковник Амирулла Оралбаев және полковник Серік Райымов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Командалар кездесулерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың бірінші үштігі анықталды: I орын – №59 мекеме, II орын – №67 мекеме, III орын – №25 мекеме. Сондай-ақ жекелей аталымдар бойынша да үздіктер анықталды. Атап айтқанда: Азамат Жапаркулов жарыстың сұрмергені деп танылса, Нияз Қалмұратов үздік қорғаушы, Мадияр Сайлау үздік қақпашы атанды. Сонымен қатар жеңіске деген жігері үшін сала адагерлері қатарынан Сәкен Қабылбаев марапатталды.

Іс-шараның мақсаты Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің арасында дене шынықтыру дайындығы, спорттық, жауынгерлік шеберліктерін арттыру, жаппай салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.